Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қоқыс жануының алдын алу

Қоқыс жануының алдын алу

PDF Баспаға жіберу
28.06.2019 09:59

Нұр-Сұлтан қаласында қоқыс контейнерлеріндегі қоқыстың жануы жиілеп кетті. Контейнерлердің жануы, әдетте қоқыстарды немесе сөндірілмеген темекі тұқылдарын жағу себептеріне байланысты болады. Осыған байланысты «Есіл» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындардың өрт қауіпсіздігі саласындағы білімдерін арттыру және осындай жағдайларды азайту үшін алдын алу іс-шараларын өткізді.

Ағымдағы жылғы маусым айының бірінші онкүндігінде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Есіл» ауданының ТЖБ аудан әкімдігінің, «Есіл» ауданы Полиция басқармасы және Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтерінің өкілдерімен бірлесіп «Ашық алаңдарда қоқыс, пластмасса қоқыс контейнерлері жануының жиілеп кеткен жағдайлары» атты қоқыстың жануының алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Сондай-ақ «Clean city» ЖШС-мен бірлесіп қоқыс контейнерлерінде өрттің шығуына жол бермеу туралы қысқа метражды ескерту ақпараттық бейнеролигі түсірілді. Ол әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға жеткізіледі. Сонымен қатар қоқыс контейнерлеріне жапсырылған иллюстрациялық жаднамалар әзірленді. Бүгінгі таңда қоқыс контейнерлеріне 350-ге жуық жаднама ілінді.

«Есіл» ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері отпен абай болу керек екендігін қала тұрғындарына ескертеді. Сөндірілмеген темекіні қоқыс контейнерлеріне тастауға қатаң тыйым салынады. Жанып жатқан қоқыс оттың тез таралу қаупін ғана тудырып қоймайды,  жану кезінде бөлінетін заттар ағзаға өте зиян.



Нұр-Сұлтан қаласы  ТЖД «Есіл» ауданы ТЖБ


 
Система Orphus