Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

PDF Баспаға жіберу
04.07.2019 02:54

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының бұзылуы кезінде (желдің күшеюі, найзағай, бұршақ) негізгі сақтық шараларын сақтауды ескертеді:

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады:

- мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- үйдегі немесе пәтердегі барлық терезелерді мықтылап жабыңыз;

- найзағай кезінде су қоймаларында суға шомылуға және балық аулауға болмайды;

- үй-жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақ соңы найзағайға ұласуы мүмкін;

- құрылыс объектілеріне қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу  бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша бүгін Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні  15-20 м/с, кейде 23 м/с болатынын ескертеміз.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus