Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қауіпсіз балық аулау

Қауіпсіз балық аулау

PDF Баспаға жіберу
04.07.2019 06:28

IMG-20190701-WA0097

Балық аулау - бұл табиғат аясына шығып, таза ауамен демалуға және балық аулаудан оң эмоциялар мен адреналин зарядын алуға тамаша себеп. Тіпті тәжірибелі балықшының да қиындықтарға топ  болуы мүмкін екенін барлығы білу керек. Балық аулау кезінде құрал мен қармақ қаншалықты маңызды болса, қауіпсіздік және оны сақтау да  соншалықты қажет екенін атап өткім келеді.

«Сарыарқа» ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері тұрақты түрде су айдындарының жағаларында  балықшылармен әңгімелесіп, үгіт-насихат материалдарын тарата отырып  рейдтер жүргізеді.

Осыған қарамастан, «Сарыарқа» ауданы ТЖБ қызметкерлері қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында әуесқой балық аулаушыларға балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы  жаднамаларды әзірледі және 2019 жылғы 1 шілдеде «Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік» атты акция өткізді.

Акция барысында балық аулау тауарларын сатумен айналысатын мамандандырылған дүкендер қамтылды. Дүкендерде балық аулау кезіндегі қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат материалдары ілінді, дүкен қызметкерлерімен нұсқаулықтар өткізілді, әр нұсқаудың соңында дүкен қызметкерлеріне балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне әр клиенттің назарын аудару ұсынылды.


 IMG-20190701-WA0115

IMG-20190701-WA0050

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданының ТЖ басқармасы


 
Система Orphus