Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

PDF Баспаға жіберу
04.07.2019 09:57

IMG_4301

Сіздерді әлемдік өркениетке бой созған, Отанымыздың жүрегі елордамыздың мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттігімізді ұлықтайтын астанамыз – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры, жасампаз идеялар ордасы, еліміздің еркіндік жолындағы саяси ерік-жігерінің нышаны.

Болашақты болжай білген Елбасының батыл да ұлы идеясы негізінде елордамыз әлем көз тіккен ғажайып ордаға, барша  Алаш ардақтаған еліміздің Бас қаласына айналды. Тәуелсіздігіміздің  тірегі, еліміздің жүрегі болған елордамыз өркендей берсін!

Астана күні 1998 жылы қаланың астана мәртебесін алған сәтінен бастап атап өтіледі. Бұл мереке халық үшін тарихи әрі мәдени маңызға ие және де Қазақстан Республикасы жетістігінің

Осы мерекеде Сіздерге және ұжымыңызға зор денсаулық, бақыт пен береке,  қажымас күш-қайрат,  сәттілік пен абырой тілеймін. Қазақстанның өркендеуі жолындағы игі жоспарларыңыздың орындалуына тілектеспін!

Құрметпен,

Нұр-Сұлтан қаласы

Төтенше жағдайлар департаменті

бастығының міндетін уақытша атқарушы

полковник

М. Аманбаев


 
Система Orphus