Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қауіпсіздік туралы есте сақта!

Қауіпсіздік туралы есте сақта!

PDF Баспаға жіберу
05.07.2019 14:46

IMG_6694

Бүгін астаналық құтқарушылар БАҚ өкілдерімен бірлесіп «Суға шомылу кезеңіндегі судағы қауіпсіздік» атты ауқымды акция өткізді.

Акция барысында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша халықты ақпараттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суға батып бара жатқан адамды құтқару және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, суда зардап шеккендерді іздеу кезінде сүңгуір жарақтарын қолдану бойынша көрсетілім көрсетті. Сондай-ақ Мейірімділік клубымен бірлесіп «ОАЗИС» демалыс аймағында көпбалалы отбасының балалары мен сол жерде жүрген балаларды шақырып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері суға батушыны құтқару кезінде қандай алғашқы іс-әрекеттер қажет екенін жан-жақты түсіндіріп және көрнекі түрде көрсетті.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД астананың Мейірімділік клубына және «ОАЗИС» демалыс аймағының басшылығына көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіреді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес суда қаза болу жағдайларының 80%-ы     жабдықталмаған және суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде, сонымен бірге ішімдік ішіп масаң күйде суға шомылу себебінен болады. Жағажайларда суға шомылу ережелерін ұмытпаған жөн. Жаздың ыстық күндері жағажайда 1000-ға жуық адам шомылады. Сондықтан қауіпсіз демалыс азаматтардың суда өзін-өзі ұстау тәртібіне және «Судағы жүріс-тұрыс қағидасын» орындауына байланысты болады.

Қала аумағында 23 су айдыны бар, оның ішінде 3-і ғана шомылуға рұқсат етілген, бұл «Күйгенжар», «Три пескаря» демалыс орындары және орталық жағажай.

Суға шомылу кезеңінің басталғаннан бері су айдындарында шомылуға байланысты емес 5 жазатайым оқиға орын алды, 4 адам құтқарылды. Өткен жылдың шомылу кезеңінде қаза болғандар саны 19 адамды құрады, оның ішінде 9-ы бала.

Жылы күндердің басталуымен Департамент қызметкерлері аудандық әкімдіктермен бірлесіп барлық су айдындарына түгендеу жүргізді, демалыс орындарының иелеріне тиісті ұсыныстар берілді, 2250 адамды қамти отырып 75 рейд жүргізілді, 2736 үгіт парақшасы таратылды, 20 ескерту қалтқы белгісі, 30 ақпараттық белгі, 127 тыйым салатын белгі орнатылды.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

Қалтқы белгіден асып кетпеңіздер, мас күйде шомылуға болмайды. Естеріңізде болсын: суда болатын қайғылы жағдайлардың 80%-ы осы себептерден болады, су айдындарына жақын жерлерде балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, шомылуға жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылмаңыздар және суға сүңгімеңіздер. Шомылуға арналмаған заттарды (автокөліктердің камералары, жұқа пенопласт, пластикалық бөтелке) қолданбаңыздар. Таныс емес орындарда жалғыз суға шомылмаңыздар.

Анықтама: Алдағы мейрамдар кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы 5-9 шілде аралығында қызмет өткерудің күшейтілген режиміне ауыстырылды. Техника мен жеке құрам дайындықтан және оқытудан өтті,сондай-ақ құтқару машиналарына арналған арнайы қорғаныс құрылыстарымен жабдықталған. Мерекелік іс-шаралар кезінде күнделікті кезекшілікке жеке құрамның 263 адамы, 40 өрт сөндіру, құтқару және медициналық техника түседі. Резервте жеке құрамнан 80 адам және 50 бірлік техника бекітілген.

IMG_6685 IMG_6689 IMG_6693 IMG_6699 IMG_6701 IMG_6705 IMG_6708 IMG_6714 IMG_6716 IMG_6720 IMG_6721 IMG_6724 IMG_6726 IMG_6729 IMG_6732 IMG_6735IMG_6744

IMG_6740 IMG_6747 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus