Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана күні қарсаңындағы салтанатты жиналыс

Астана күні қарсаңындағы салтанатты жиналыс

PDF Баспаға жіберу
05.07.2019 15:11

IMG_6564

5 шілде күні Қазақстан Республикасы астанасының туған күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінде салтанатты жиналыс өтті.

Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Т.Жұмабаев баяндама оқыды.

Астана күнін тойлау 1998 жылдан қаланың астана дәрежесін алған кезеңінен бастап атап өтілуде. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жарлығымен  23 наурызда  Астана Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды.

Бұл мереке халық үшін тарихи және мәдени маңызға ие және Қазақстан Республикасы жетістігінің символы болып табылады. Жыл сайын астана күні республиканың барлық аумағында мерекелер, концерттер, байқаулар мен жарыстар өтеді.

Салтанатты іс-шара барысында Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.Қайсанов жұмыстағы жетістіктері үшін қызметкерлерге алғысхаттар табыстады, сонымен қатар қала әкімі А.Көлгінов атынан марапат алған өрт сөндірушілерді құттықтады.

 IMG_6565 IMG_6647

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы


 
Система Orphus