Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Бүгінгі күннің батырлары!

Бүгінгі күннің батырлары!

PDF Баспаға жіберу
10.07.2019 19:09

IMG-20190710-WA0095

Бүгін елордалық ТЖ департаментінің қызметкерлері, атап айтқанда «Есіл» ауданы ТЖ басқармасының аға инженері Заку Диас және Көкшетау техникалық институтының курсанты Аманжолов Серік «Хабар 24» телеарнасымен бірлескен рейдті өткізу кезінде отбасылық жұпты құтқарды.

Өзенде ер адамның жүзіп және қыздың суға батып бара жатқанын көрген құтқарушылар ойланбастан өзенге секірді. Қызды ұстап алып, олар жағаға дейін жүзіп жетті және де ер адамды құтқару үшін дереу суға сүңгіп кетті. Суға батып бара жатқан жігітті құтқаруда оқиға орнына жақын жерде балық аулап отырған балықшы көмектесті, ол құтқарушылармен бірге суға секірді.

Қайтпа су бөгетінде отырған қызды су ағысы алып кеткен, әйелінің суға батып бара жатқанын көрген ер адам оның артынан суға секірген, оны ұстауға тырысқанда, ағыс оны тура иірімге қарай әкете бастады. Құтқарушының, курсанттың және балықшының кәсіби және жедел іс-әрекетінің арқасында ер адам құтқарылды. Осылайша үлкен трагедияның алдын алды.

Біздің бүгінгі батырларымыз –Заку Диас Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Есіл» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, Көкшетау қаласында дүниеге келген, 2017 жылы Көкшетау техникалық институтын бітірген, Серік Аманжолов – Павлодар облысының Екібастұз қаласында дүниеге келген, Көкшетау техникалық институтының 3-курс курсанты, қазіргі уақытта «Есіл» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасында практикадан өтіп жатыр. Жами Руслан 1987 жылы туған, Щучинск қаласының тумасы, ол ер адамды құтқаруда өз көмегін көрсете білді.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекті рет судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

IMG-20190710-WA0083

IMG-20190710-WA0100

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus