Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Шомылуға рұқсат етілмеген орындар бойынша рейд

Шомылуға рұқсат етілмеген орындар бойынша рейд

PDF Баспаға жіберу
12.07.2019 00:00

«Байқоңыр»  ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы Өрт сөндіру қызметі және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алу аясында рұқсат етілмеген шомылу орындары бойынша рейдтік шаралар ұйымдастырды.

Белгіленбеген жерлерде суға шомылу адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Балаларға ерекше көңіл бөлу қажет, өйткені жазғы демалыс кезінде олар өздерін тым еркін сезінеді.

Қарапайым ережелерді сақтау Сіздің  және жақындарыңыздың өмірін сақтайды.

- Белгіленбеген орындарда шомылуға;

- Алкогольдік ішімдіктерді ішуге;

- Балаларды қараусыз қалдыруға;

- Бейтаныс жерде сүңгуге тыйым салынады;

- Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, суға түсуден бас тартыңыз;

- Жүзу құралдарын тәуліктің қараңғы мерзімінде және мас күйде

пайдаланбаңыз. Балалардың жүзу құралдарын қолдануы тек ересектердің қадағалуымен жүргізілуі тиіс.

Құтқару қызметінің телефоны -112

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД

«Байқоңыр» ауданының ТЖБ


 
Система Orphus