Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Три пескаря» демалыс аймағының қоғамдық құтқарушыларымен үш адам құтқарылды

«Три пескаря» демалыс аймағының қоғамдық құтқарушыларымен үш адам құтқарылды

PDF Баспаға жіберу
13.07.2019 04:14

IMG-20190712-WA0012

Ағымдағы жылдың шомылу маусымы басталғаннан бастап "Три пескаря" демалыс аймағының қоғамдық құтқарушылары үш адамды құтқарды. Құтқару жағдайлары Көктал-1 ауданында шомылуға жабдықталмаған орындарда болды.

Бірінші оқиға ағымдағы жылдың маусым айында орын алды, онда жас жұптың жағада демалып отырып, қыз суға жүзбекші болады, бірақ өзен ағысына қарсы тұра алмай, суға бата бастайды, жақын маңдағы жігіт қызды құтқаруға тырысты, бірақ ол жүзе алмады және ол да бата бастады. Бұл оқиғаны "Три пескаря" демалыс аймағының құтқару мұнарасында тұрған қоғамдық құтқарушы Виктор Сергеевич Кипер байқап, дереу көмектесуге кірісті. Құтқарушының батыл іс-әрекеті арқасында  жас жұп құтқарылды.

Екінші оқиға 6 шілдеде орын алды. Жас жігіт мас күйінде суға кірді. Жүзу кезінде кенет жас жігіттің  оң аяғының бұлшық еттері тартылып қалады, соның салдарынан  ол суға бата бастады. Бұл оқиғаны "Три пескаря" демалыс аймағының құтқару мұнарасында тұрған қоғамдық құтқарушы Рыбалко Максим Александрович байқап, дереу көмекке ұмтылды. Осы уақытта демалыс аймағының әкімшілігі Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД "Сарыарқа" ауданы ТЖБ-ға  орын алған оқиға туралы хабарлады. Оқиға орнына келген ТЖБ қызметкерлері ЖПҚ бірлесіп келіп,  тыйым салынған жерде шомылып, алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін екі әкімшілік хаттама толтырды.

«Сарыарқа» ауданы ТЖ басқармасы "Три пескаря" демалыс аймағының құтқарушыларына көрсеткен батылдығы мен қырағылығы үшін алғыс білдіреді!

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД


 
Система Orphus