Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

PDF Баспаға жіберу
22.07.2019 18:32

443986_size2

Нұр-Сұлтан қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 23-24 шілдеде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтілетіні туралы хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа-райының қолайсыздығы кезінде сақтық шараларын ескертеді:

Қатты жел, найзағай мен бұршақ жауғанда:

- мүмкіндігінше  ауа-райының қолайсыздығын іргелі құрылыс нысандарында тоса тұрған жөн;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан,   сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

-пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз; Найзағай мен қатты нөсер жолдың көруіне кедергі болып, найзағай жүргізушіге әсер етіп жол-көлік оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін.

- найзағай кезінде су қоймаларында суға шомылуға және балық аулауға болмайды;

-  орын жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақ соңы найзағай болуы мүмкін.

- құрылыс объектілеріне қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу  бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД


 
Система Orphus