Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті демалысқа абыроймен шығарып салды

Құрметті демалысқа абыроймен шығарып салды

PDF Баспаға жіберу
09.08.2019 03:20

IMG_7205

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті астаналық ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Мейрамбек Советұлы Қайсановты құрметті демалысқа шығарып салды.

Өмірдің жаңа белесіне, яғни зейнетке шығуымен құттықтап және үздік қызметі үшін алғыс айта отырып, ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасының орынбасары Т.Нұрмағамбетов, ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник М.Аманбаев және Департаменттің жеке құрамы құттықтау лебіздерін білдірді.

«Осы жылдар ішінде Сіз біздің Отанымыздың игілігі үшін адал қызмет етіп, адамдарды табиғи және техногендік факторлардан құтқара отырып, жас мамандарды құтқару ісіне, сондай-ақ тұрақты және батыл болуға үйреттіңіз. Өз ісінің маманы бола отырып, Сіз жас қызметкерлермен өз біліміңізбен және тәжірибелеріңізбен бөлістіңіз. Сізге атқарған жұмысыңыз бен  еңбегіңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін",- деп Талғат Қайырбекұлы Мейрамбек Советұлына адал қызмет атқарғаны және өртке қарсы қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Мейрамбек Қайсанов Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Жылтау ауылында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 25 жылға жуық еңбек етті, өз қызметін жас жауынгерден бастады, инспектор, бас маман, бөлімдердің бастығы, Өрт қауіпсіздігі профилактикасы басқармасында жұмыс істеді, ТЖ комитетінде басшылық лауазымда болды, одан кейін астаналық ТЖД бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды, астананың өртке қарсы қауіпсіздігі мәселесіне жетекшілік етті.

Көптеген наградалармен марапатталған: «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі; І және ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальдарымен; ҚР ТЖМ Құрмет грамотасы; «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.

Барлық ұжым атынан құрметті демалысқа шығуымен құттықтаймыз және мықты денсаулық, отбасына амандық, сарқылмас күш-қуат  пен барлық бастамаларына табыс тілейміз!

IMG_7168 IMG_7182

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus