Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық Департамент волонтерлармен кезекті танымдық кездесу өткізді

Елордалық Департамент волонтерлармен кезекті танымдық кездесу өткізді

PDF Баспаға жіберу
09.08.2019 17:40

12

Ағымдағы жылдың 8 тамызында біздің қызметкерлер Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жұмысы жайында әңгімелесу үшін жас волонтерларды шақырды. Волонтерлар қозғалысы елордамызда сұранысқа ие бола бастады. Елордамызда өткізілген ірі халықаралық іс-шаралар, волонтерлардың мемлекеттік органдармен тиімді ынтымақтасуға қабілетті екенін көрсетті.

Волонтерлар «Құтқарушы» спорткешенінде болып, кәсіпқой мамандардың шабуыл сатысымен еппен көтерілуін қызығып, бақылады. Кейін, «ӨСжАҚЖҚ» ММ №5 МӨСБ кіріп щықты. Онда, әрбірі өрт автокөліктерінде отырып, құтқарушының кәсіби атрибуттарын киіп көрді.

Қазақстан Республикасының «Волонтерлік қызмет туралы» заңына сәйкес, орталық және жергілікті атқарушы органдарға ТЖ алдын алу және олардың салдарын жою кезінде жәрдемдесу – волонтерлік қызметтің негізгі түрлерінің бірі болып табылады.

Орын алатын төтенше жағдайлар санын азайту үшін халықпен диалог жүргізу өте маңызды. Өйткені, мақал айтпақшы «ескертілсең – онда қарулысың». Алдағы уақытта Департамент немқұрайлы емес жастармен ынтымақтасуды көздейді, себебі волонтерлар халықпен жұмыс жүргізу кезінде жақсы көмекші болады.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11

Б. Рахымбаев

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД

ЗҚАжАҚСББ аға инженері


 
Система Orphus