Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Соңғы сапарға аттандырдық

Соңғы сапарға аттандырдық

PDF Баспаға жіберу
12.08.2019 15:26

IMG_1072

Ағымдағы жылдың 8 тамызында 96 жасында Ұлы Отан соғысының ардагері Заиченко Иван Афанасьевич өмірден озды.

Иван Афанасьевич Заиченко 1923 жылы 11 қыркүйекте Ақмола облысының Алексеевка ауданы  Рамадан ауылында дүниеге келген.

1942 жылы ақпан айында Қызыл әскер қатарына шақырылған. Сталинград түбінде 169-атыс дивизиясының жеке пулемет батальонында шайқасқан. 1943 жылы жарақат алған.

1944 жылы комендатура қызметіне түскен. 1946-1956 жылдар аралығында ішкі істер органдарында еңбек етті.  1956-1974 жылдар аралығында төтенше жағдайлар жүйесінде қызмет атқарған. Ол ішкі істер органдарында 30-дан астам жыл еңбек етті.

Көптеген жылдар бойы зейнеткерлікке шыққаннан кейін өз ұжымымен байланысын үзбей, салтанатты іс-шараларға, жас қызметкерлерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға белсене қатысты.

«Ұлы Отан соғысы» орденімен және «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы және жеке құрамы ардагердің отбасына және туыстарына қайғыра көңіл айтады.  Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз, орны толмас жоғалтудың ауыртпалығын бөлісеміз және ардагердің отбасына қолдау сөздерімізді жолдаймыз. Ардагер туралы жарқын естеліктер жүрегімізде, жадымызда мәңгі сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД


 
Система Orphus