Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық құтқарушылармен қаланың су айдындарында кезекті рейд өткізілді

Елордалық құтқарушылармен қаланың су айдындарында кезекті рейд өткізілді

PDF Баспаға жіберу
13.08.2019 15:50

IMG-20190803-WA0010

Шомылу маусымда кезінде су айдындарында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында «Сарыарқа» ауданы ТЖБ қызметкерлері демалыс күндері Өрт сөндіру қызметі және Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданындағы су айдындарында кезекті рейд жүргізді. Өткізілген рейд барысында демалушылар және балықшылармен суда шомылу ережелерін бұзушылықтарды болдырмау  бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді.

Мұндай іс-шаралар әр демалыс және мереке күндері өткізіледі.  Осылайша, қазірғі күні 40 рейд өткізілді, 780 дана жаднамалар және бүктемелер таратылған. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде 6 адам, оның ішінде  «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің  364-бабына сәйкес – 4 адам, 440- бабына сәйкес– 2 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар ересектердің балаларды қараусыз қалдыру фактілері анықталған кезде ата-аналармен мұндай жағдайларды болдырмау үшін профилактикалық жұмыс өткізіледі.

Есіңізде болсын!!! Су объектілеріндегі қауіпсіздік қағидаларын сақтау – сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі!

 IMG-20190803-WA0016 IMG-20190810-WA0013 IMG-20190810-WA0021

IMG-20190810-WA0030 IMG-20190810-WA0032

IMG-20190810-WA0053 IMG-20190810-WA0058

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖБ



 
Система Orphus