Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

PDF Баспаға жіберу
02.09.2019 15:33

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті  «Қазгидромет» РММ мәліметі бойынша Нұр-Сұлтан қаласында түнде 3-4 қыркүйекте топырақ бетінде 1°С үсік күтілетіні туралы хабарлайды.

Ауа-райының суығына байланысты тұрғындар жылыту құралдарын жиі қолданады, осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар  департаменті  жылыту құралдарын қолдану кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеді:

- электро сымдары мен  электро құралдары қолдану кезінде өрт қауіпсіздік шаралын сақтау;

- қолдан жасалған жылыту құралдарын қолдануға , жылыту құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды;

- жылыту құралдарын түнгі уақытта қосулы қалдырмауға,  оларға заттарды кептіруге болмайды;

- электровилкалар мен розеткаларының қызып кетуі электро құралдар  мен жүйенің артық салмақ түсуінің белгісі болып табылады.

- балалардың жылыту құралдарымен ойнауын болдырмаңыздар;

- құралдарды жиһаздар мен перделерден алшақ жерге қойған жөн.

- пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет

 

Өрт болған кезде «101» телефон нөміріне хабарласыңыздар!

Нұр-Сұлтан  қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus