Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық ТЖД суға шомылу кезеңінің қорытындысын шығарды және жылыту маусымына дайындалу үстінде

Астаналық ТЖД суға шомылу кезеңінің қорытындысын шығарды және жылыту маусымына дайындалу үстінде

PDF Баспаға жіберу
04.09.2019 12:45

IMG_8117

4 қыркүйекте Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен жылыту маусымы қарсаңында өрттің алдын алу бойынша және суға шомылу маусымының қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Брифинг барысында  ЗҚАжАҚСББ бастығы О.М.Абдрахманов және ТЖД  Азаматтық қорғау басқармасының аға офицері Э.А.Райымбеков сөз сөйледі.

Статистикаға сәйкес ағымдағы жылдың сегіз айында қала бойынша 377 өрт болды (6%-ға азаюда, 2018 ж. - 401). 12 адам қайтыс болған, оның ішінде 5 бала. Материалдық шығын 2 млн. 85 мың теңгені құрады.  Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында - 172 оқиға орын алады (жалпы өрт санының 45,6%). Бұл ретте тұрғын үйде болып жатқан өрттердің 56% - дан астамы жеке жер үйлерге тиесілі.

Жыл сайын суық түскенде және күзде жылыту маусымы жақындағанда өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіледі, оның шеңберінде Департамент қызметкерлері аулаларды аралап, рейдтер жүргізеді, үгіт-насихат жұмыстары күшейтіледі. Аралау барысында пештер мен түтіндіктерді, электр жылытқыштарды орнатылуына негізгі акцент жасалады . Үй иелеріне пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде ақаулықтарын жою жөнінде ұсыныстар беріледі, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар тапсырылады.

Жылыту пештерін дайындау бірінші кезекте түтін қалдықтарын күйеден, өртке қарсы бөлу құрылғыларынан пештің қатты қыздырылатын бетіне дейін тазалауды қарастырады.

Аталмыш іс-шара елорданың тұрғын үй секторындағы өрттердің санын азайту мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, азаматтарға алдағы жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы еске салу қажет..

Электроқұралдарын және жылыту пештерін орнату барысында мұқият болыңыздар! Ақаулығы бар розеткаларды, басқа да электротұрақтылық заттарды қолданбаңыздар. Оты жанған пешті қараусыз қалдырмаңыздар, өрт қауіпсіздігі шарттарына сәйкес келмейтін пештерді қолдануға жол бермеңіздер, бұған салғырттықпен қараған жағдайда, қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін.

Брифингте Э.А.Райымбеков шомылу маусымын қорытындылады. Жыл басынан бері қаланың су айдындарында 18 адам қаза болды, оның ішінде 17 ересек адам және 1 бала (2018 жылы - 19 адам, оның ішінде 9 бала), жыл басынан бері құтқарушылар 24 адам, оның ішінде 6 баланы құтқарылды.

Адамдардың қаза болуының барлық жағдайлары суға шомылуға арналған жабдықталмаған орындарда болды:  жасанды жағажайлар, жасанды су айдындары, шомылуға тыйым салынған орындар. Статистика көрсеткендей, судағы оқиғалар көп жағдайда адамның өз-өзіне сену, өз күштері мен мүмкіндіктерін бұрыс бағалау, суда өзін-өзі ұстау ережелерін елемеу, атап айтқанда тыйым салынған және бейтаныс жерлерде шомылу, балаларды қараусыз қалдыру салдарынан орын алады. 2018 жылдың шомылу кезеңімен салыстырғанда суға батқан балалар саны 5% - ға және 88% - ға азайғаны байқалады.

Суда қаза болудың 70% - ға жуығы мас күйінде суға түсу себебінен болады. Барлық қайғылы жағдайлардың 98% астамы – жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылу. Ыстық күндері жағажайда демалушылардың саны 1000 адамға дейін болды. Сондықтан судағы қауіпсіз демалыс өзін-өзі ұстау және "судағы қауіпсіздік ережелерін"орындауға байланысты.

Елорда аумағында 23 шомылу орны орналасқан, оның ішінде 20 рұқсат етілмеген және тек 3-і рұқсат етілген демалыс орындары (Орталық жағажай, "Три пескаря" және "Астаналық аула"демалыс аймақтары).

Күн сайын суға шомылу маусымы кезеңінде 15 құтқарушы-сүңгуір және 10 бірлік жүзу құралдары кезекшілікке түсті. 5 Қоғамдық қауіпсіздік бекеті және 1 медициналық бекет құрылды, 300 бала жүзуге үйренді.  Қауіпті учаскелерде 145 тыйым салу белгілері орнатылды, 10616 үгіт-насихат өнімдері таратылды, әлеуметтік желілерде 63 бейнеролик орналастырылды, 30 көрнекі стенд орнатылды және рұқсат етілмеген шомылу орындары бойынша 274 рейд өткізілді. 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ӘҚБтК 440 бабы бойынша (спирттік ішімдіктерді ішу) – 23 әкімшілік айыппұл және 364 бабы бойынша (жалпы су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін) – 8 әкімшілік ескерту.

 IMG_8123 IMG_8125

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД


 
Система Orphus