Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық құтқарушылар тұрғын секторларында аралау жұмыстарын жүргізді

Елордалық құтқарушылар тұрғын секторларында аралау жұмыстарын жүргізді

PDF Баспаға жіберу
04.09.2019 12:49

20190904_125813

Жылыту маусымы бастылысымен, жеке тұрғын үйлерде өрттердің ұлғаюы және улы газбен улану жағдайлары арта түседі.

Бүгін 4 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласы ТЖД қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірлесіп елорданың жеке тұрғын үй секторларында аула аралау жұмыстарын  жүргізді.

Аралау барасында үй тұрғындарына өрт шыққан кездегі алғашқы кезектегі әрекеттері, тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шаралары жеткізілді. Жылыту пештерін, электр жабдықтарының газдық құрылғыларының күтіп-ұстайға және пайдалануға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар кішкентай балаларды үйде қараусыз қалдырмауға шақырды. Өрт қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамау қайғылы оқиғалар тудыруы мүмкін.

Жыл сайын күзде күн суытысымен және жылыту маусымы алдында өрт қауіпсіздігі айлығы жүргізіледі, айлық шеңберінде Департамент қызметкерлері аулаларды аралап, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтеді.

Сонымен қатар улы газ датчигін қондыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

 20190904_120636 20190904_120743 20190904_120948 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД

«Сарыарқа» ауданы ТЖБ


 
Система Orphus