Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-маңызды іс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-маңызды іс

PDF Баспаға жіберу
06.09.2019 16:00

stop_corruption2_ru

Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

«Сарыарқа» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері арасында қызметтік міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Басқарма басшылығы тұрақты негізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы сақталуы бойынша инженерлік-инспекторлық құраммен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сенім телефоны – 1424

 слайд

«Сарыарқа» ауданы ТЖБ