Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Марапат өз иесін тапты

Марапат өз иесін тапты

PDF Баспаға жіберу
16.09.2019 16:21

IMG_8269

Бүгін елордалық Төтенше жағдайлар департаментінде ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник М.Аманбаев ерлік жасаған батырларды салтанатты түрде құттықтады және марапаттады.

12 тамызда адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін Өрт сөндіру қызметінің №6 МӨСБ бөлімше командирі Ернар Искаков «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. «Временно года» ТК бірінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шыққан болатын. Пәтерлердің бірінде ересектер мен балалар шыға алмай қалған. Өрт сөндірушілердің бірлескен және кәсіби сауатты іс-қимылдарының нәтижесінде 4 пен 6 аралық жастағы балалар өмірі құтқарылды. Оларға газтұмша кигізіп, 9-ші қабаттан саты арқылы түсіріп, жедел көмек көрсету қызметкерлердің қолдарына тапсырды.

Сондай-ақ ерлік танытқан Борис Ковалевский және Олжас Утенов алғысхатымен марапатталды. Еске салатын болсақ, 22 шілдеде сағат 14.30-да «Пригородный» ТА-да балықшы мен өтіп бара жатқан ер адам 2007 жылы туған қызды құтқарды.

Борис Ковалевский мен Олжас Утенов оқиға орнына жақын жерде болған, Борис балық аулап отырған, ал Олжас сол жерден өтіп бара жатқан еді. Бористың айтуынша, қыз кішкентай баламен бірге үлкендердің қарауынсыз жағада жүрген, бірнеше минуттан кейін ол судың шалпылын естиді және баланың суға батып бара жатқанын көреді. Ойланбастан, Олжаспен бірге суға секіріп, қызды жағаға аман алып шығады.

Марғұлан Топашұлы азаматтардың жасаған осы әрекеттері құтқарылған баланың туыстары үшін баға жетпес сый, ең жоғары мақтауға лайық екенін айтты.

«Бірнеше секундтың ішінде сіздер жалғыз дұрыс шешім қабылдадыңыз және суға батып бара жатқан баланың өмірін сақтап қалдыңыз. Өздеріңізді  нағыз ер азамат ретінде көрсете білдіңіз! Сіздерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін », - деп атап өтті Магрұлан Топашұлы.

 IMG_8262  IMG_8279

IMG_8260


Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Баспсөз қызметі


 
Система Orphus