Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты ТЖ басқармасының қызметкерлері терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша дәрістер өткізуде

ТЖ басқармасының қызметкерлері терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша дәрістер өткізуде

PDF Баспаға жіберу
18.09.2019 03:31

IMG-20190917-WA0009

Ағымдағы жылғы 17 қыркүйекте терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Байқоңыр» ауданы ТЖ Басқармасының аға офицері Т.Жамбауов «№18 Аяжан бала бақшасы» МКҚК қызметкерлеріне «Күдікті нәрсені анықтаған кездегі қызметкерлердің әрекеттері» тақырыбында дәріс өткізді. Тәрбиешілерге күдікті нәрсені анықтаған кезде, телефон арқылы қорқыту түскен кеде, кепілдікке алған кезде қандай әрекет жасау керектігі, сонымен бірге өрт болған жағдайда лауазымды тұлғалардың әрекеттері түсіндірілді.

Дәріске жоғарыда аталған ұйымнан 13 адам қатысты.

Жарылыс құрылғыларымен немесе күдікті заттармен қандай да бір іс-әрекет жасауға үзілді-кесілді тыйым салынады – бұл жарылысқа, көптеген құрбандар мен қирауға әкелуі мүмкін!




 IMG-20190917-WA0010

«Байқоңыр» ауданының ТЖБ


 
Система Orphus