Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордада Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Елордада Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті

PDF Баспаға жіберу
18.09.2019 08:20

IMG_8299

Ағымдағы жылғы 17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Қизатовтың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының жоспарлы отырысы өтті.

Кеңес өткізу барысында «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан өрт гидранттарының жағдайы», «Қыс кезеңінде азаматтық қорғау қызметтерінің авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға дайындығы», «Халықты және мемлекеттік басқару органдарын құлақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстардың барысы туралы»  және  «2019-2020 ж.ж. жылыту маусымына дайындық және оны өткізу» сияқты бірқатар мәселелер қаралды.

Күн тәртібін қарау қорытындысы бойынша қалалық қызметтерге төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған нақты тапсырмалар берілді.


 IMG_8307 IMG_8314

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД




 
Система Orphus