Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қала мектептерінде қысқы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі бойынша сабақтар басталды

Қала мектептерінде қысқы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі бойынша сабақтар басталды

PDF Баспаға жіберу
03.10.2019 15:48

IMG-20191003-WA0016

Қысқы кезең қарсаңында қала мектептерінде "Жұқа мұздың қауіптілігі", "Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік", "Алғашқы медициналық көмек көрсету", "Құдықтардың ашық люктерінің қауіптілігі" және "КТИ-ге түсу" тақырыптары бойынша дәрістер өткізу басталды.

3 қазанда Азаматтық қорғаныс басқармасы № 1 мектеп-гимназиясында 4-7 сынып оқушыларының қатысуымен 85 баланы қамтумен сабақ өткізді. Оқушыларды төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік мәдениетіне тарту үшін сабақтар бейне материалдар мен пікірталас мәнерінен өткізілді. Әр тақырып бойынша дәріске қатысушылар алған ақпараттармен және төтенше жағдай туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы өз ойларымен бөлісті.

Аталған акция аясында Департамент қызметкерлері қаланың 85 мектебін және 10-15 жас аралығындағы 10 мыңға жуық оқушыны қамтитын болады.


IMG-20191003-WA0013   

Азаматтық қорғаныс басқармасы


 
Система Orphus