Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Бір минут қуаныш сыйлады!

Бір минут қуаныш сыйлады!

PDF Баспаға жіберу
03.10.2019 15:52

IMG_8553

Күздің алтын ортасы өз мерекелерімен бай. Бұл қарттар, мүгедектер және әлеуметтік қызметкерлер күні.

Бүгін барлық үш мерекені біріктіре отырып, "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, осы мерекеге Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті де белсенді қатысты.

 Елордалық 80 елордалық құтқарушылар ауқымды сенбілік ұйымдастырды, аумақ тазаланып және шыршалар отырғызылды. Іс-шараға Астана қаласы ТЖД "ВМ-құтқарушылар" ансамблі, қазақстандық эстрада жұлдыздары және т.б. қатысты. Залдағы қатысушылар концертті қызығушылықпен тамашалады, ал әжелер мен аталар таныс әндерді қоса шырқады.

Іс-шараға Мәслихат депутаты, Нұр-сұлтан қ. Сарыарқа ауданы әкімі, қалалық әкімдік және Нұр-сұлтан ТЖ департаментінің бастықтары қатысты.

ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Марғұлан Аманбаев құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың тұрғындарына мықты денсаулық, рух сергектігін, сарқылмас қуат тіледі. Төтенше жағдайлар департаменті шахмат залына 25 орындық түрінде жиһаз сыйлады.

"Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Р.Ж.Баймағамбетова келген сапарлары үшін қатысушыларға алғысын білдіріп, Орталықтың тыныс-тіршілігіне белсенді қатысқаны, спортқа сіңірген еңбегі үшін қызметкерлер мен тұрғындарын сыйлықтармен және грамоталармен марапаттады, сондай-ақ "Шарапат"ОСО-ға қосқан үлесі және үнемі көрсеткен көмегі үшін ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы М.Аманбаевқа алғыс хат табыс етті.

Астаналық өрт сөндірушілер аталарымыз бен әжелерімізді назардан тыс қалдырмайды, әр түрлі іс-шаралар, концерттер, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулықтар, өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізеді.

IMG_8558 IMG_8569 IMG_8570 IMG_8574 IMG_8578 IMG_8586 IMG_8590 IMG_8594 IMG-20191004-WA0002 IMG-20191004-WA0006 IMG-20191004-WA0010 IMG-20191004-WA0018 IMG-20191004-WA0020 IMG-20191004-WA0021 IMG-20191004-WA0023 IMG-20191004-WA0024 IMG-20191004-WA0025 IMG-20191004-WA0027 IMG-20191004-WA0032

Нұр-сұлтан ТЖД баспасөз қызметі



 
Система Orphus