Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Азаматтық қорғау саласындағы шығу сабақтарын өткізу туралы

Азаматтық қорғау саласындағы шығу сабақтарын өткізу туралы

PDF Баспаға жіберу
04.10.2019 16:56

IMG_20191004_093634

Нұр-Сұлтан қаласының оқу орындарында қыс мезгіліндегі жүріс-тұрыс қағидалары бойынша сабақтар өткізіліп жатыр.  «Байқоңыр» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы "№5 Гимназия"КММ 11 сынып оқушыларымен сабақ өткізді. Сабақ бағдарламасында балаларға мұздағы, қарлы борандағы қауіпсіздік ережелері, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету және ашық люктер мен құдықтардың қауіптілігі түсіндірілді.

Сабақ барысында оқушыларға Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсу бойынша үгіт-насихаттау жұмыстары жүргізілді, онда түлектер жоғары оқу орнына түсу шарттарымен, курсанттардың тұру және оқыту шарттарымен танысты.

Сабақ соңында бейнеролик көрсетілді. Өткізілген сабақтан кейін аталған жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген 1 үміткер пайда болды.

 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Байқоңыр» ауданы ТЖБ


 
Система Orphus