Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана радиосында сөз сөйлеу

Астана радиосында сөз сөйлеу

PDF Баспаға жіберу
04.10.2019 16:59

IMG-20191004-WA0056

"Сарыарқа" және "Байқоңыр" аудандары ТЖ басқармасының қызметкерлері Астана радиосында "Право знать" бағдарламасы аясында жылыту маусымы кезінде адамдар көп жиналатын жерлерде өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша сөз сөйледі. Сөз сөйлеу жүргізуші Алина Греймен сұхбат түрінде өтті, ол өз кезегінде ағымдағы жылғы ең өзекті тақырыптар мен оқиғалар бойынша қызықты сұрақтар қойды. Басқарма қызметкерлері өз тарапынан барлық қойылған сұрақтарға нақты және анық жауап берді, сондай-ақ радио тыңдаушыларына өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау туралы еске салды, жарамсыз пешпен жылыту салдарынан шыққан өрттерді мысал ретінде келтірді, улы газ датчиктерін орнатудың маңыздылығын түсіндірді. Сөз соңында арнайы  жүргізушілер үшін автокөліктегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы айтып, барлығына жақсы көңіл-күй және жылыту кезеңінің қауіпсіз өтуіне тілек білдірді.

 

«Сарыарқа» ауданының ТЖ басқармасы


 
Система Orphus