Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құтқарушылар 13 қабаттан баланың құлауын алдын алды

Құтқарушылар 13 қабаттан баланың құлауын алдын алды

PDF Баспаға жіберу
08.10.2019 17:05

Бүгін сағат 13.57-де "112" пультіне өтіп бара жатқан адамдардан Құдайбердыұлы көшесі, 25/1 үйдің терезесінен баланың құлау қаупі туралы ақпарат келіп түсті.  Шақырту орнына тез арада Өрт сөндіру қызметі мен жедел-құтқару жасағының бөлімшелері келді.  Келген бойда "Степной-1" тұрғын үй кешенінің 13-ші қабатының деңгейінде жабық пәтердің терезесінде бала тұрғаны анықталды.

Құтқарушылардың үйлесімді және жедел жұмысының арқасында есікті ашу арқылы үлкендердің қараусыз қалдырылған 2013 жылы туған бала құтқарылды. Бала полиция департаментінің қызметкерлеріне берілді.

Барлығы Нұр-сұлтан қалалық ТЖД жеке құрамынан 6 адам мен 2 бірлік техника және қаланың шұғыл қызметтері жұмылдырылды.

Бұл балаларды құтқарушылар аман-есен құтқарған көптеген жағдайлардың бірі, бірақ қайғылы нәтижемен аяқталған фактілер де бар.

Құрметті ата-аналар! Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті  жас балаларды ешқандай жағдайда қараусыз қалдырмауға кеңес береді! Тек осылай ғана біз ең кішкентай, қорғаныссыз және сіздерге қымбат адамдардың өмірін сақтап қала аламыз.

Нұр-Сұлтан қ. ТЖД

Баспасөз қызметі


 
Система Orphus