Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Көрінбейтін жау немесе улы газбен улануға қалай жол бермеу керек

Көрінбейтін жау немесе улы газбен улануға қалай жол бермеу керек

PDF Баспаға жіберу
23.10.2019 16:57

«Менің үйім – менің қорғаным»  деген сөз барлық тұрғындардың басында мықтап орнығып алған, алайда әрбір адам өз үйінен де қауіп-қатердің шығатынын есінен шығармағаны абзал. Сондай қауіптердің бірі улы газ болып табылады.

Көміртегі монооксиді – барлығына улы газ деген атпен танымал, бәріміз бала кезімізден білеміз. Уланып қалу үшін аз ғана улы газ мөлшері де жеткілікті, дереу бас ауырып және жүрек айни бастайды. Егер дер кезінде қажетті шараларды қолданбаса, қазалы жағдай орын алуы әбден мүмкін.

Шын мәнісінде улы газ жанғыш әрі исі жоқ, ал барлық адамдардың «улы газдың исі» деп танып жүргендері органикалық қоспа. Сонымен қатар улы газ өте уландырғыш және қауіпті. Көп адамдарға таралған қате ой-пікірге сәйкес, барлығы улы газбен тек қана өрт кезінде улануы мүмкін деп ойлайды.

ТЖ департаментінің қызметкерлері барлық азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін аса жоғары ынтамен сақтауларын сұрайды. Өйткені ережелерге бейжай қарау қайғылы жағдайларға алып келері сөзсіз. Құтқарушылар әр күн сайын жадынамалар тарата жүріп, рейдтер мен аралаулар өткізеді. Олардың барысында әр адам білуге тиіс қауіпсіздік ережелерін, улы газдан зардап шегушіге көрсетілуі тиіс алғашқы көмек туралы және жылыту пештерін дұрыс қолдануды үнемі ескертуде.

Егер статистикаға қарасақ, ағымдағы жылдың 9 айында Улы газбен уланудан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан 42 адам жарақат алды (+55%, 2018 ж. - 27), оның ішінде балалар -26 (+37%, 2018 ж. - 19). Уланудың себебі негізінен жылыту пешінің ақаулығы болып табылады.  Ағымдағы айда ТЖД қызметкерлері 44 мыңнан астам тұрғын үйді аралап, 76 988 адамды қамтыған, халықпен 224 жиналыс өткізіліп, онда 6 565 адам қамтылған,  тұлғаларының тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік қауіп - қатер тобы (аз мол, қолайсыз, көп балалы және т.б.) 4 372 адамды қамтыған,  1 090 рейд өткізілді, оның ішінде ЖПС-мен бірге-203 рейд жүргізілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарының  үйлеріне 1 129 датчиктер орнатылды.

Естеріңізде болсын, улы газ өте қауіпті және тез әрі білінбей әрекет етеді, сондықтан адам өмірі мен денсаулығы істелген шаралардың жылдамдығына байланысты. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД қарапайым өрт қауіпсіздік ережесін сақтауды сұрайды:

- пеш жағу кезеңі алдында пештерді жөндеу қажет, мұржаларын бір айда кем дегенде бір рет күйеден тазалап отырыңыздар;

-   майлы және газды тұрмыс құралдарын, тас және ағаш пештерін тексеру үшін жыл сайын арнайы әзірліктен өткен шеберлерді шақыртыңыздар

Өрт болған жағдайда «101» қызметіне телефон шалыңыз!




 
Система Orphus