Жедел телефондар
Жаңалықтарға жазылу
Авторлану
Пайдаланушыларды есепке алу
![]() | Бүгін | 2298 |
![]() | Кеше | 10787 |
![]() | Барлығы | 10767344 |
Елордалық құтқарушылар 5 адамды құтқарды, оның 1-і бала |
![]() |
![]() |
28.10.2019 12:00 |
Елордада өрттен құтқарудың кезекті оқиғасы орын алды. Пәтерлердің кіреберісіндегі қалың түтін арасынан 5 адам құтқарылды, оның 1-і бала. 28 қазанда 13 сағат 13 минутта «101» пультіне Абылай хан көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келіп жеткенде, 6 минуттан кейін аумағы 10 шаршы метрді қамтыған он қабатты тұрғын үйдің 9-қабатындағы пәтердің қонақ бөлмесінде жиһаздардың жануы орын алған. Кіреберіс қатты түтіндеді, соның салдарынан адамдардың өміріне қауіп төнді. Адамдарды эвакуациялау және барлау үшін газ түтіннен қорғау қызметінің буыны ұйымдастырылды. 10-ӨСБ өрт сөндірушілерінің жедел әрекет етуі мен үйлесімді іс-қимылдары, сондай-ақ өрт болған орында сапалы барлау жұмысын жүргізу мен шешуші бағытты дұрыс анықтай білуі арқасында 5 адам құтқарылды, оның 1-і бала. Өрт 13 сағат 31 минутта ауыздықталып, өрттің ары қарай таралуына жол берілмеді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 17 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өртті сөндіру барысында улы газдан жеңіл уланған әйел адам ауруханаға одан әрі тексеру үшін жеткізілді. Төтенше жағдайлар күтпеген сәтте орын алуы мүмкін, сол себепті әрқашан тосын жағдайларға дайын болу керек. Өртті байқаған болсаңыз, іле-шала «101» нөміріне қоңырау шалыңыз! Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі
|