Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қазақстандағы зейнетақы

Қазақстандағы зейнетақы

PDF Баспаға жіберу
31.10.2019 07:53

2019 жылы Қазақстан Республикасында зейнетақы бағдарламасында елеулі өзгерістер болды. Олардың кейбіреулеріне тоқталайық.

Бірінші өзгеріс: биыл зейнеткерлер 36 мың 108 теңге көлемінде ең төменгі зейнетақы алады, бұл ретте Қазақстандағы ең төменгі базалық зейнетақы 16 мың 37 теңгені құрайды.

Яғни, 1998 жылға дейін зейнеткерлікке шыққан Қазақстанның зейнеткерлері, кем дегенде 52 мың 145 теңге алады. БЖЗҚ-ғажарналарын аударған адамдар базалық зейнетақы емес, сондай-ақ жинақтаушы компонентке ие. Бұл ретте осы жинақтаушы компонент ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 % - ыннемесе басқаша айтқанда 16 мың 37 теңгеге сәйкес келеді. Мұндай азаматтар 2019 жылы кемінде 68 мың 182 теңге көлемінде зейнетақы төлемдерін алады.

Екінші өзгеріс: әйелдер зейнеткерлікке 59 жаста шығады. Үкімет жоспарына сәйкес, әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасы жыл сайын алты айға, сондай-ақ 2027 жылға дейін артады. Сол кезде әйелдер үшін құрметті демалысқа шығудын шекті жасы 63 жас ер адамдармен теңестіріледі.

Үшінші өзгеріс: 2019 жылдан бастап БЗЖҚ-ның жаңа салымшылары автоматты режимде қорға алғашқы жарна түскеннен кейін жеке шот алады. Бұған дейін Қазақстан тұрғындары БЗЖҚ-ға зейнетақы жинақтары келіп түсетін зейнетақы шотын ашуға жеке өзі қатысып, өтініш беруге мәжбүр болды.


Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Заң тобы


 
Система Orphus