Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

PDF Баспаға жіберу
05.11.2019 16:56

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша  6 қарашада тұман түсіп, көктайғақ болатынын хабарлайды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына:

Құлау ықтималдығын азайту үшін көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:

- биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, табаны сырғанамайтын  аяқ киімді таңдаңыз;

- жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз;

- көлбеу (қиғаш) беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;

- қолыңыз мүмкіндігінше бос болуы керек, ауыр сөмке көтермеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызға салмаңыз - бұл құлау мүмкіндігін арттырады;

- қарт адамдарға резеңке ұшы бар немесе арнайы ұшты таяқ қолдануға кеңес беріледі;

- аяқ астыңызға қарап, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Есіңізде болсын: әсіресе, арқамен шалқалап құлау қауіпті, себебі бас жерге соғылып ми шайқалуы мүмкін. Жарақат алған кезде медициналық көмек алу үшін міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

Тұман кезінде:

- жүргізушілерге көлікті күрт тежеуден аулақ болу керек. Егер де жолға шығуға тура келсе, тұман аймағында жылдамдықты айтарлықтай төмендету қажет, ал егер жолдағы көріну екі метрден аспайтын болса, қозғалысты тоқтату ұсынылады. Сондай-ақ міндетті түрде габариттік жарықты қосу және түрлі маневрлер, атап айтқанда басып озулардан аулақ болу;

- жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген жаяу жүргіншілер өтетін жерлерде ғана өту ұсынылады;

- сақ болу, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалау;

- құрылыс объектілеріне қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді шектеу  бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД


 
Система Orphus