Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Электр қуатын өшіру туралы әкімдіктің брифингі

Электр қуатын өшіру туралы әкімдіктің брифингі

PDF Баспаға жіберу
12.11.2019 16:16

IMG-20191111-WA0043

11 қарашада астаналық әкімдікте Сығанақ көшесінде орналасқан "Левобережная" қосалқы станциясында орын алған авария бойынша брифинг өтті. ТЖ департаментінен спикер ретінде Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері подполковник Э.Райымбеков сөйледі. Сонымен қатар  брифинг барысында Жанармай-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығы Е.Базил, М.Есмағұлов, "АРЭК" АҚ Басқармасының төрағасы С.Балкишев сөз сөйледі.
Естеріңізге салайық, 10 қарашада сағат 03:50-да Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 101 пультіне "Левобережная" ҚС трансформаторлық қосалқы станциясы жерасты қуат кәбілінің жануы туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келіп жеткенде, Сығанақ көшесі, 12 үй ауданында 5 метр алаңынды қамтитын жерасты қуат электркәбілдерінің жануы орын алғаны анықталды.

Аварияны қалпына келтіру  жұмыстары жүріп жатқан орынға қала әкімі А.Көлгінов келіп жетті,  сондай-ақ  Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.Қизатов төрағалығымен оқиға орнында жедел штаб құрылды.
Кәбілдік желілерді 15 адам мен 6 бірлік техникадан тұратын  аварияны қалпына келтіру бригадасы қалпына келтірді.




IMG-20191111-WA0039

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus