Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Мұз үстіндегі қауіпсіздік бойынша көшпелі брифинг

Мұз үстіндегі қауіпсіздік бойынша көшпелі брифинг

PDF Баспаға жіберу
13.11.2019 12:28

IMG_9609

Ауа температурасының ауытқуына байланысты су айдындарындағы мұздың қалыңдығы жұқа, қатқан қойған жоқ, бұл жағдай халыққа қауіп төндіруде.

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мұздағы адамдардың қаза болуы мен жарақаттануына жол бермеу мақсатында көшпелі брифинг өткізілді. Брифинг өткізу барысында №1 лицей-мектебінің оқушыларымен сабақ өткізілді және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді көрнекі көрсету арқылы профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Сондай-ақ  Судан құтқару станциясы базасында жедел-құтқару жасағы адам мұз астына құлап кеткен жағдайда құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарды пысықталды.

Елордалық ТЖД адамдардың суда қаза болуына жол бермеу мақсатында үгіт-профилактикалық жұмыстарын белсенді түрде жүргізеді. Ағымдағы жылғы қазан айынан бастап Департамент қызметкерлері қаламыздың оқу орындарында «Абайлаңыз, жұқа мұз» және «Үсік шалу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары» тақырыптарында көшпелі сабақтар өткізді. Қазіргі уақытта Департамент қызметкерлері 3275 оқушыны қамти отырып, қаланың 35 мектебіне барды.

Қала мектептерінде «Тұрғындардың қыс мезгілінде, оның ішінде мұздағы қауіпсіздігі»,  «Үсік шалу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары» тақырыптарында 84 мектептің қатысуымен 3300 оқушыны қамти отырып, интерактивті сабақтар өткізілді.

Департаменттің аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері ПД ЖПҚ-мен бірлесе мұз үстінде балық аулау орындарында рейдтік шаралар жүргізеді. Бүгінгі таңда 14 рейд жүргізілді, 304 жаднамалар мен парақшалар таратылды. Балықшыларға мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қарапайым мұздағы қауіпсіздік шараларын еске салады.  Мұздан өту кезінде тыйым салынады:

- қатпаған мұздын үстіне шықпаныз;

- топ құрып мұздың бір аумағында жиналмаңыз;

- мұздың жарық жерлеріне жақындамаңыз;

- көлікпен жағадан алыс жерлерге бармаңыз;

- мұздың үстіне қараңғы уақытта шықпаңыз;

- мұзға жеке құтқару құралынсыз (құтқару шеңбері, кеудешелер) шығуға тыйым салынады;

- мұзда шектеулі аймақта екіден астам ойықтарды жасауға болмайды;

- мұздың үстінде от жақпаныз.

  IMG_9601  IMG_9613

IMG_9596

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД



 
Система Orphus