Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты 2 ҚАС елордалық ТЖД-мен бірлесіп, картаға Нұр-Сұлтан қаласының уақытша орналастыру пункттері бойынша ақпарат қосты

2 ҚАС елордалық ТЖД-мен бірлесіп, картаға Нұр-Сұлтан қаласының уақытша орналастыру пункттері бойынша ақпарат қосты

PDF Баспаға жіберу
17.03.2020 17:23

2 ҚАС (қалалық ақпарат сервисі)  Нұр-Сұлтан қаласының ТЖ кезінде зардап шеккен халықты уақытша орналастырудың 13 пункті (бұдан әрі - УОП)  бойынша ақпаратты қосты,  бұл сұраулар "уақытша орналастыру пункттері", "УОП" деген сұраныс бойынша көрсетіледі. Әрбір УОП нүктесі басылады. Объектіге басқан кезде Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен салыстырылған  байланыс ақпаратымен,  орналасқан жері, жұмыс режимі туралы ақпаратпен танысуға болады.

УОП ТЖ туындаған кезде  қанат жаяды және төтенше жағдайлардың түріне байланысты төтенше жағдайлардың салдарын жою кезеңінде ТЖ туындаған жерден көшірілген халықты уақытша орналастыруға және зардап шеккен халықты тікелей қоныстандыруды ұйымдастыруға арналған. Қажет болған жағдайда УОП-ға халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету ұйымдастырылады (тамақтану, кереуеттер, төсек-орын және т.б.).

Бұл функция карта пайдаланушыларына қиындықсыз және ТЖ кезінде зардап шеккен халықты Уақытша орналастыру пункттері бойынша барлық ақпаратты оңай табуға мүмкіндік береді.

2 ҚАС – бұл 1.2 млн.астам пайдаланушысы бар қалалық ақпараттық сервис, ол үш нұсқада (ПК, онлайн және мобильді қосымшада) жұмыс істейді. 2019 жылы Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша 2 ҚАС мобильді қосымшалар тобының 2-ші орында болды.

Сервис деректерді жаңарту бойынша үздіксіз жұмыс істейді, барлық өзгерістерді жедел қадағалайды (жаңа мекенжайлар, телефондар, қызмет бағыттары және т.б.).

2гис  

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД


 
Система Orphus