Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордада ТЖД бастығының орынбасары тағайындалды.

Елордада ТЖД бастығының орынбасары тағайындалды.

PDF Баспаға жіберу
18.03.2020 07:38

IMG_8067

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Сыздықов Бауыржан Мәдіұлы жеке құрамға өзінің орынбасы азаматтық қорғау полковнигі Байыров Есен Альмұханбетұлын таныстырды.

Байыров Есен Альмұханбетұлы 1974 жылы 22 сәуірде туған. 2005 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, ал 2011 жылы — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша бітірген.

Өзінің еңбек жолын 1998 жылдың тамыз айынан бастап Астана қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 19 өрт сөндіру бөлімінің кіші инспекторы қызметінен бастады. 2012 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Есіл" ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы болды.

Жұмыста жеткен жетістіктері және қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІ дәрежелі, «Мінсіз қызметі үшін»  І дәрежелі төсбелгілерімен, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің және ҚР ІІМ құрмет грамоталарымен,   «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» , «Армия генералы Сағдат Нұрмағамбетов» ,  «Авиация генерал-майоры Талгат Бигельдинов»,   «Астана 20 жыл» төсбелгілерімен марапатталды.

Отбасы 3 баласы бар.


 
Система Orphus