Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық ТЖД ескертеді: мұз үстіне шығу қауіпті!

Елордалық ТЖД ескертеді: мұз үстіне шығу қауіпті!

PDF Баспаға жіберу
23.03.2020 15:16

IMG-20200323-WA0096

Ауа райының жылынуына байланысты қаланың су айдындарында мұздың еруі басталды. Осыған байланысты  су айдындарындағы мұз осал, сол себепті шұңқырлар мен ойдым жерлер пайда болған, бұл тұрғындардың өмірі үшін қауіп төндіреді. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының ТЖ департаменті мұздағы қауіпсіздікке қатысты астананың төрт ауданында профилактикалық рейдтік іс-шараларды жүргізді.

Контрреттегішке судың құйылуына байланысты ағымдағы жылғы 20 наурызда шлюздер ашылды. Қазіргі уақытта шлюз ашылған сәттен бастап өзенге секундына 5-7 текше метр су ағып келуде. Осыдан кейін тиісінше Есіл өзенінің арнасынан су ағуда. Ауа райының жағдайын ескерсек, өзен бетіндегі мұздың опырылу қаупі бар. Нұр-Сұлтан қаласының ТЖ департаменті мұз үстінде адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында шұғыл профилактикалық іс-шараларын қолға алды. Бұл ретте азаматтар карантинге қарамастан,  қауіпсіздік шараларын сақтамауда және балық аулау фактілері орын алуда.

23 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Контрреттегіш ауданындағы жағалау желісіне аралап тексеру жұмыстарын жүргізді. Аралап тексеру барысында өзен суы деңгейінің көтерілгеніне  балық қарамастан, тұрғындардың  өзендегі мұз үстінде балық аулағанын анықтады. Бүгінгі күнге барлығы 167 балықшыға ескерту жасалынды, оларға мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ жұқа мұздың қаупі туралы түсіндіріліп, жаднамалар таратылды.

Көктем мезгіліндегі мұз көп жағдайда балалардың өмірі үшін қауіп төндіреді. Ата-аналары мен үйдің үлкендерінің қарауынсыз қалған балалар қауіпсіздік шараларын білмегендіктен, су айдындарындағы мұз үстінде ойнайды. Мұндай немқұрайлылық қайғылы жағдайлармен аяқталып жатады.

Құрметті ата-ана! Балаларды өзенге үлкендердің қарауынсыз жібермеңіз, көктем мезгілінде өзен немесе көлдің үстіндегі мұзда жүрудің қаншалықты қауіпті екенін ескертіңіз. Балаларға қауіпсіздік шараларын айтып беріңіз, суда ойнауына тыйым салыңыз, тентектік жасауына жол бермеңіз.

Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД тұрғындарға өзінің және жақындарының өмірі үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Мұз үстінде мыналарға:

-       мұздың жұқа және қатпаған учаскелеріне шығуға;

-       мұздың жекелеген учаскелерінде топ-топпен жиналуға;

-       мұздағы шұңқырларға, ойықтарға жақындауға;

-       автокөліктермен өткелдерден өтуге;

-       түнгі уақытта мұз үстіне шығуға болмайды.

-       тек жеке құтқару құралдары (шеңберлер, кеудешелер) болған кезде мұз астынан балық аулауға жол беріледі.

IMG-20200323-WA0062 IMG-20200323-WA0063  S00323-195507(1)

IMG-20200323-WA0110


Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus