Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық өрт сөндіру қызметінің Кадрлық жұмыс бөлімі жемқорлық тақырыбындағы семинарға қатысты

Астаналық өрт сөндіру қызметінің Кадрлық жұмыс бөлімі жемқорлық тақырыбындағы семинарға қатысты

PDF Баспаға жіберу
26.06.2015 08:12

Маусымның 25-і күні Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ-нің кадрлық жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Развитие» бизнес - білім беру ортылығы  ұйымдастырған семинарға қатысты. Курс «Қазақстан Республикасындағы жемқорлықпен күресудің  өзекті мәселелері» тақырыбында өтті.

Аталмыш семинардың дәріскері ретінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Ағарту бөлімінің кеңесшісі Раимбаев Данияр Исраилұлы сөз сөйледі.

Семинар барысында жемқорлықпен күресудің сұрақтары қарастырылып, Қазақстан Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы мемлекеттік стратегиясының негізгі бағыттары,  Ұлт жоспары – Н.Назарбаевтың бес институционалдық  реформасын іске асыру бойынша 100 қадам талқыға салынды.  Қатысушылардың назарына жемқорлықпен күрес бойынша арнайы слайдтар ұсынылды.

Бұдан бөлек, жемқорлыққа қарсы заңнаманың қолданылуы бойынша пікір алмасу орын алды. Бұдан әрі әріптестік орнату бойынша келісім жасалды.


Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ-нің кадрлық жұмыс бөліміні


 
Система Orphus