Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық құтқарушылар «Транспорт-Тауэр» ККА ғимаратында оқу-жаттығу өткізді

Астаналық құтқарушылар «Транспорт-Тауэр» ККА ғимаратында оқу-жаттығу өткізді

PDF Баспаға жіберу
01.07.2015 04:05

Маусымның 26-ы күні Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің қызметкерлері «Транспорт-Тауэр» ККА ғимаратында оқу-жаттығу өткізді. 12:00-де ғимараттың бірінші қабатындағы асханада шартты өртті сөндіру үшін автоматты өрт дабылы басқарма пультінен қолмен іске қосылды.

Өзара әрекеттесу нұсқаулығына сәйкес КҚЖБО, ғимарат диспетчері, Үкіметтік нысандарды күзету бойынша полиция полкінің қызметкерлері хабарландырылды. Дабыл қағылған орынға  «Транспорт - Тауэр» ғимаратын өрттен күзетудің жүзеге асырып жатқан №14 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы жолданды. Бұл қызметкерлер шартты өртті сөндірудің алғашқы әрекеттерін қолданып, Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің күштері мен құрылымдары жеткенге дейін ғимараттағы қызметкерлерді қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын қолға алған болатын.

Оқиға орнына 3 МӨСБ-нің 3 техника бірлігі мен жеке құрамының 11 адамы жетті. Құтқарушылар алға қойылған міндетті атқарып, асханадағы электроқұрылғыларда орын алған өртті сөндірді.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығулары барысында тек өртке қарсы қызметтің іс-әрекеттері ғана емес, сонымен қатар нысанның әкімшілігі мен қызмет көрсетуші адамдардың іс-әрекеттері нақышталды.


Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus