Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық қарттар үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

Астаналық қарттар үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

PDF Баспаға жіберу
19.08.2015 07:27

Тамыздың 17-і күні астаналық Өрт сөндіру қызметі «Қарттар мен мүгедектерге арналған медико-әлеуметтік мекеме» ММ ғимаратында «Екінші қабаттағы кинозалдағы шартты өртті сөндіру» тақырыбында оқу-жаттығуды өткізді.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша ғимараттың екінші қабатында орналасқан кинозалдың сахнасында қысқа тұйықталу орын алған. Өртті көрген қызмет көрсетушілер бұл жайында өртке қарсы қызметке хабарлап, қолда бар құралдармен өртті сөндіруге және адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге кіріседі. Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері нөмірі үшінші шақырту бойынша жетеді. 5-МӨСБ және 2-МӨСБ бөлімшелері оқиға орнына жеткенде, сыртқы көріністер бойынша екінші қабаттың терезесінен қалың қара түтін шығып жатқандығына көз жеткізеді. Орын алған жағдайға баға беріліп, №3-ші шақырту расталып, кейінгі әрекеттер анықталады. Өрт сөндірудің кезекші кезекші қызметі өрт сөндірудің жедел штабын құрады. Жауынгерлік учаскілер жасалып, жоғарқы қабаттағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіру қолға алынады. Қосымша жеткен күштер мен құралдар қабаттар бойынша адамдардың бар-жоқтығына көз жеткізіп, тексеруді қолға алады.

Өрт ауыздықталып, жойылды, өрттің тарауына қауіп жоқ. Оқу-жаттығуға 6 техника бірлігі мен жеке құрамның 28 адамы жұмылдырылды.




Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus