Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Кәсіби даярлау мектебі: қажетті мамандар ұшталатын жер

Кәсіби даярлау мектебі: қажетті мамандар ұшталатын жер

PDF Баспаға жіберу
26.08.2015 03:50

Кәсіби даярлау мектебі – астанамыздың Өрт сөндіру қызметінің құрылымдық бөлімшесі, мектептің басты мақсаты төтенше жағдайлар ведомствасының мамандарын кәсіби даярлықтан өткізу болып табылады. Бұл жерде қызметке жаңа қабылданған жас мамандар, сондай-ақ қызметтегі мамандар даярлықтан өтеді. Олар әр-түрлі мамандықтар бойынша қайта даярлықтан өтіп, біліктіліктерін шыңдайды. Мектеп барлық қажетті материалдық базамен қамтылған – компьютерлер мен интерактивті тренажерлерден, өрт сөндіру құрылғыларының оқу үлгілері мен астананың өрт  қауіпті ғимарттарының макеттері де бар.

Мектептің барлық оқытушылары Көкшетау техникалық институтының түлектері, өртке қарсы қызмет органдарында мол тәжірибе жинақтаған мамандар. Теориялық білімнен бөлек, ұстаздар қызметкерлердің бойында бірлік пен төзімділікті сіңіру бойынша да жұмыс істейді. Мысал үшін, оқу жылының басында жас мамандар өздерін таныстырады. Әңгіме барысында олар ортақ қызығушылықтары барын анықтайды, танысады, осылайша үлкен достық та пайда болады. «Бірлік – нәтижелі білім берудің мызғымас бөлігі ғана емес, кейінгі қызмет барысында өзара әрекеттестікке де жол ашады» , - деп атап өтті КДМ бастығы А.Чуашбаев.

Астаналық өртке қарсы қызмет мамандарын оқытудан бөлек, КДМ ұстаздары өздерінің кәсіби біліктіліктерін д үнемі шыңдап отырады. Олар семинар, лекциялар мен өздерінің қызметтері бойынша іс-шараларға қатысады. Осылайша, «Төтенше жағдайлар органдары мен бөлімшелеріндегі ғылыми және білім беру саласы бойынша басқару» бағдарламасы бойынша 2014 жылдың күзінде КДМ бастығы А.Чуашбаев Белорус Республикасы ТЖМ Біліктілікті көтеру инститтутында курстардан өткен болатын. Семинар барысында білім беру саласында жаңа жолдарды іздестіру, семинарлар мен практикалық сабақтарды өткізу кезіндегі заманауй әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары қарастырылған болатын. Белорустық әріптестер практикалық қызмет полигонының қамтылуын көрсетіп, сабақтарды өткізу үшін оқу сыныптарын заманауи құралдармен, Институтта жасалған әдебиетпен, әдіскемеліктермен, қамтылғандығына көз жетті.  Шетелдік әріптестердің тәжірибелері астаналық мектепте де қолданылып келеді, бізде де әрдайым сапалы білім беру мақсатында оқу-материалдық база жаңартылып отырады.

Мектептің дамуының маңызды бағыттарының бірі болып дуалдық білім беру жүйесіне көшу болы табылады. Дуалдық білім беру – бұл теорилық білім беру бөлігі білім беру мекемесінің негізінде өтіп, ал практикалық бөлігі – жұмыс орнында өтеді, бұл өз кезегінде кәсіби даярлықтың басты мәселесі – теория мен практика арасындағы сәйкес келмейтін тұстарды болдырмайды. Аталмыш бағыт бойынша жыл басынан мектептің 9 шәкірті күндізгі іс-тәжірибеден өткен болатын. Бұл өз кезегінде емтихандар мен келесі практикалық қызметте өз нәтижесін көрсететін болады.


Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus