Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық Өрт сөндіру қызметінде Ресей ТЖМ жеткізушілерінің құрылғылары таныстырылды

Астаналық Өрт сөндіру қызметінде Ресей ТЖМ жеткізушілерінің құрылғылары таныстырылды

PDF Баспаға жіберу
15.09.2015 10:04

Қыркүйектің 15-і күні  Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің акт залында жеке құрамды оқыту үшін тактикалық симуляторын таныстыру өтті. Сонымен қатар, беделді ресейлік әзірлеушілердің құрылғылары мен жеке қорғау құралдарын өндірушілердің, «ПТС» ААҚ өрт-тактикалық және авариялық-құтқару  құрылғылары маркетинг бойынша бас директордың орынбасары Андреев Владислав Анатольевичтің қатысумен өтті.  Таныстыруға басшылық құрам, бөлім, бөлімше бастықтары мен өрт сөндіру бөлімдері басшыларының орынбасарлары, Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ- қарауыл басшылары мен аға мастерлер қатысты.

ПТС» ААҚ-ның жеке қорғау мен тыныс алу, көру органдарын қорғау саласындағы жаңа бағыты – бұл 4 сағаттан кем емес уақытта қорғауды қамтамасыз ететін қысылған ауасы бар тұйықталған тыныс алу циклді тыныс алу аппараттары.

«ОКСИ - огнеборец» ПТС - қысылған ауасы бар тұйықталған тыныс алу циклді тыныс алу аппараты артық қысымға ие, өрт сөндірушілердің тыныс алу және көру органдарын токсинді және қатты түтінденген жерлерде қорғауға, әр-түрлі мақсаттағы ғимараттардағы, құрылыстардағы, өндірістік нысандардағы өрттерді сөндіруде қолданылады.

Астана қаласының гарнизонына таныстырылған соң, арнайы мақсаттағы өз-өзін құтқарушы «Экстремал» құрылғысы 3 айға тапсырылды.

 

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus