Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астананың сауда үйлерінде өрттердің алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізілуде

Астананың сауда үйлерінде өрттердің алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізілуде

PDF Баспаға жіберу
18.09.2015 07:53

Жарияланған өрт қауіпсіздігінің айлығы шеңберінде, Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері астананың сауда үйлерінде өрттердің алдын-алуға бағытталған іс-шараларды қолға алды. Осылайша, қыркүйек айының басынан қаламыздың «Евразия», «Рамстор», «Аружан», «Гүлжан» сауда орындарында аталмыш жара жүзеге асырылды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты - жылыту маусымына дайындық кезіндегі орын алатын сұрақтарға қоғам назарын аудару,  халық арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізу болып табылады.    «Ашық және қол жетімді ақпарат» сияқты үгіт –насихат жұмысын өткізудегі негізгі принциптерінің бірін жүзеге асыру мақсатында, базар ғимаратында Басқарманың жылжымалы қабылдау бөлмесінің жұмысы ұйымдастырылды. Ол өз кезегінде барлық келіп-кетішулерге және саудагерлерге туындаған сұрақтар бойынша тиесілі жауап алуға мүмкіндік берді. Өткізілген шараның нәтижесінде саудагерлер мен келіп-кетушілер арасында 6465 астам жадынамалар таратылды, 300 қала тұрғыны өрт қауіпсіздігін қамтамассыз етудегі туындаған сұрақтары бойынша кеңес алды.


 

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы



 
Система Orphus