Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Іс қағаздарын жүргізу-жауапты іс

Іс қағаздарын жүргізу-жауапты іс

PDF Баспаға жіберу
21.09.2015 12:07

21-ші қыркүйек күні Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ құжаттандыру және құжаттаманы басқаруға, мұрағаттық істерді жүргізуге жауапты қызметкерлерден тест қабылданды.

Аталған қызметкерлер Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының 2015 жылғы 20 қаңтардағы                    №15 бұйрығымен бекітілген болатын. Тестілеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары  В. Беккердің төрағалығымен 2015 жылғы 2 шілдеде Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының 2015 жылдың І жартыжылдығы бойынша қорытынды есебін тыңдау және ІІІ тоқсанды жоспарлаудағы  №3 хаттамасының 3 тармағын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.

Тест Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 33 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жүйесінде құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қағидалары бойынша алынды. Тест 2 нұсқада құрастырылып, қатысушылар 30 сұраққа жауап берді.










Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»

ММ ҚҚБ басшысы Ә. Септенова


 
Система Orphus