Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық құтқарушылар №1 мектеп-лицейінде оқу-жаттығу өткізді

Астаналық құтқарушылар №1 мектеп-лицейінде оқу-жаттығу өткізді

PDF Баспаға жіберу
28.09.2015 10:05

Қыркүйектің 26-ы күні Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлері Астана қаласының №1 мектеп-лицейінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын ұйымдастырды. Сағат 10-30 минутта үш рет дабыл қағылып,үшінші қабатта орналасқан кітапханадағы шартты өрт жайында хабарланды.

Жоспар бойынша сымдардың қысқа тұйықталуы салдарынан кітапханада өрт пайда болған, көрші бөлмелерге өрттің тарау қауіпі туындады.  Мектептің күзетші қызметі өрт жайында өртке қарсы қызметке хабарлап, электроэнергиясын ажыратып, балалар мен мектептегі басқа да адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге, өртті қолда бар құралдармен өшіруге кіріседі. Оқиға орнына екінші нөмір бойынша өрт сөндіру бөлімдері мен жедел әрекет ету қызметтері (АМО, ІІД, қалалық электро желісі) жол тартады. Өрт орнына жеткен 2-МӨСБ құрамында 2 АЦ, АКП-54 пен 5-МӨСБ АЦ, АЛ-37 және АСА-20 техника бірліктерімен жетті. Шақырту орнында терезелерден қою түтін шығып жатқандығы байқалуда, әкімішілік адамдарды қауіпсіз жерге көшіруде, адамдардың барлығы футбол алаңында жиналған. Электро эенргися негізгі желіден ажыратылған. Оқиға орнына ӨСКҚ, №2 шақырту бойынша бөлімшелер, жедел көмек қызметтері жетеді. Өрт аумағы 150 м2 құрады.

Өрт орнына жеткен Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері алға қойылған міндетті уақытылы орындай білді. Оқу-жаттығу барысында өрт сөндіру қызметінің ғана емес, нысанның әкімшілігі мен техникалық қызметкерлерінің әрекеттері де нақышталды.


Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus