Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құтқарушы – ол спортшы!

Құтқарушы – ол спортшы!

PDF Баспаға жіберу
30.09.2015 07:19

Өрт сөндіруші және құтқарушы... Өзіңізге қалай елестетесіз? Әрине нағыз батырлар ретінде. Отпен апталып, түтінмен қапталған қатал батырдың соншалықты ұлы мүсіні. Өртті сөндіріп, адамдарды құтқару мықты жігіттердің ісі екеніне сенімдіміз. Шұғыл жағдайлардағы жұмыс -  бұл өмір үшін қатер және басқа адамдар үшін үлкен жауапкершілік. Іс барысында адам өмірі тұрғандықтан әлсіз көңіл күйге мұнда орын жоқ. Өрт сөндірушілердің қимыл әрекеті қырағы, жылдам және батыл болуы керек.

Астана қаласы Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері- құтқарушыларының кәсіби қызметтері тікелей дене ауыртпалығымен байланысты  Әрдайым дене бітімін сақтау үшін өрт сөндірушілер мен құтқарушылар  спорттың түр-түрімен шұғылданады.  Бұл хобби кейбіреулері үшін нағыз мақтаныш.

Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №14 ӨСБ өрт сөндіру постының бастығы өртке қарсы қызмет майоры Қарасартов Азамат Кенжебекұлы өзінің бос уақытын спортқа арнайтынын айтады.  Қысқы кезеңде шаңғы, хоккей спортымен шұғылданса, жазда шаңғы-роллер, велосипед, марафонға жүгіру, дуатлон мен триатлонға белсене қатысады.

Бірақ та Қарасартов Азаматтың ең сүйікті спорт түрі велоспортты аса жақсы көретінін айтады.  Бұл спорт түрін жақында ғана шыңайы ашқанына қарамастан жетістіктерге жетіп жатқанын баса айтып өткен жөн.  Мәселен тек қана осы мезгілде бірнеше жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған.

25 сәуірде  Азамат ұзақтығы 210 км  «Астана-Қарағанды»,  9 мамырда ұзақтығы 300 км   «Астана-Астраханка-Астана»  тоқтамай өту бреветіне қатысып жүлделі орынға ие болған.  20 маусымда Азамат Карасартов Астана өткен 10 км қашықтық жеке жарысына қатысып жеңіп шықты.  19 шілдеде 68 км қашықтықта «Мастерс» категориясынан топтық жарыстың қола жүлдегері болса,  16 тамызда Алматы қаласында өткен  «Tour Of World Class» екінші кәсіби веложарысқа қатысқан.  29 тамызда Конституцияның 20-жылдығына арналған бірінші дуатлон жарысына астана әкімі және олимпиада чемпионы А.Винокуровпен жарысқа қатысқан. 30 тамызда қазақстандық «Astana Pro Team» велокоманданың  капитаны Винченсо Нибалимен   «Rixos Боровое» ұйымдастырған жетім балаларға көмек қайырымдылық веложарысына қатыстан.

5-6 қыркүйекте Қарасартов Азамат Павлодар қаласынада өткен «Қазақстан-Ресей»  XXI Чемпионатына қатысып  барлық үш жарыс түтінен өз жас ерекешелігі тобынан бірінші орынды жеңіп алған.

19 қыркүйекте Астана қаласында  әуесқойлар арасында өткен ашық Қазақстан Чемпионатында  жеңімпаз атанып ол жеңісін Қазақстанда 19 қазан атап өтілетін ТЖ құрылғанына 20-жыл толуына орай атап барлық құтқарушыларды кәсіби меркелерімен құттықтады.

Сонымен астаналық Өрт сөндіру қызметінің құтқарушысы Қарасартов Азамат үшін   спорт хобби мен әуесқойлықтан да артық болып, дене бітімін ұстау тәсілі болып тұр, бұл да тәжірибе, жаңа белестерді жетуге жетелейтін   кәсіп.


Астана қаласы ТЖД


 
Система Orphus