Астаналық Департамент қызметкерлері ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

Баспаға жіберу
01.10.2015 10:32

Қазанның 1-і күні Елордалық ТЖД-нің мамандары ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. Қарттар күні – ыстық ықылас пен ынтымаққа толы мерекелердің бірі. Өмірлік, кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беруге қашанда даяр ардегерлері бар әр ұжым, теңдессіз байлыққа ие десе болады.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.К.Бекешов пен Департаменттің Кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы Қ.А.Амангельдинов Департамент ардагерлеріне сый-сыяпаттар табыс етіп, мереке күндерімен құттықтады. Аппасова Карима  Мухамедгалиевна мен Водолазова Александра Никитична соғыстың сұрапыл жылдары тылда аянбай еңбек еткен жандар. Ал Зинченко Иван Афанасьевич пен Данилов Геннадий Иванович Ұлы Отан соғысынан кейін, бүгінгі Департамент қабырғасының қалануына қосқан үлестері ұшан-теңіз.

Ардагерлерді құттықтап, құрметтеу – кейінгі ұрпақ ретінде, біз үшін үлкен парыз.



Астана қаласы ТЖД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы