Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық ТЖ департаментінде «Өрт қауіпсіздігі айлығының қорытындылары және қысқы кезеңде болатын өрттерді алдын-алу» тақырыбында брифинг өтті

Астаналық ТЖ департаментінде «Өрт қауіпсіздігі айлығының қорытындылары және қысқы кезеңде болатын өрттерді алдын-алу» тақырыбында брифинг өтті

PDF Баспаға жіберу
02.10.2015 03:31

Қазанның 2-і күні Астаналық ТЖ департаментінде «Өрт қауіпсіздігі айлығының қорытындылары және қысқы кезеңде болатын өрттерді алдын-алу» тақырыбында брифинг өтті. Бринг барысында Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары М.С.Қайсанов баяндамасын оқыды.

Астана қаласының аумағында 2014 жылдың 9 айы ішінде 614 өрт оқиғасы тіркелген. Жеке тұрғын секторында 290 өрт оқиғасы тіркелген.

Өрттердің салдарынан 20 адам көз жұмып (олардың 3-і балалар)  (2014ж. – 12 (2 бала). Қаза болған 20 адамның 15-і жеке тұрғын секторында көз жұмған, олардың 3 балалар. Адамдардың өрттің салдарынан көз жұмуларының негізгі себептерінің қатарында алкологольдік ішімдік – 5, ұйқыда болу – 8, кішкентай балаларды қараусыз қалдыру – 1.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Департаментпен Өрт қауіпсіздігінің айлығы ұйымдастырылды және қазан айының 15 –де дейін жалғасуда. Оның барысында инженерлік-инспекторлық құраммен негізгі жұмыс –өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша үгіт-насихаттық жұмыстарға бағытталды.

Тұрғын секторындағы орын алатын өрттердің басым бөлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан және жылыту пештерін қолданудағы ақаулықтар салдарынан орын алады. Ауа температурасының төмендеуі мен аталмыш себептердің салдарынан өрттердің арту фактілері тұспа-тұс келеді.

Өрт қауіпсіздігі айлығы кезінде 23 677 тұрғын үй, ал жыл басынан бастап 32 247 тұрғын үй араланды. Астана қаласы ІІД бірлесіп тұрғылықты жері белгісіз тұлғалар болуы ықтимал орындарға 16 рейд жүргізді, нашар тұратын отбасылардың үйлері қаралып, оларға өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелері түсіндірілді.

Өрт сөндіру көліктеріне орнатылған дыбыс ұлғайтқыш құрылғыларының көмегімен де тұрмыстағы ӨҚ ережелері жайында айтылды.

Сондай-ақ тұрмыстық өрттердің алдын алу мақсатында қаланың жарықдиодты экрандарында, адамдар көп шоғырланатын орындарында (ХҚКО, МАИ, Халық банкі т.б.), қала көліктерінің салондарында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы үгіт-насихат сипатындағы бейнероликтер жарияланды. НТК телеарнасының жүгіртпе жолында өртке қарсы тақырыптағы ақпараттар жарық көрді. «Sulpak», «Мечта», «Артем», «Тұлпар», «Грин», «Әлем», «Жаннұр», «Гүлжан», «Аружан» электронды құралдар мен тұрмыстық техникалар дүкендерінің көмегімен өрт қауіпсіздігі бойынша 21 575 жадынама таратылды.  БТО түбіртектерінің сыртқы жағына шығарылған өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 224 000 үгіт-насихат парақшалары таратылды. «Вираж» газеті арқылы өртке қарсы тақырыптағы 6 000 парақша таратылды.

Тұрғын үй кварталдарына өрт сөндіру техникаларының еш кедергісіз кіруін қамтамасыз ету мақсатында әкімдік өкілдерімен бірлесіп тұрғын үйлерге кіруге кедергі келтіруші қондырғыларды (шлагбаумдар, плиталар, блоктар) демонтаждау бойынша 20 өткізді, сондай-ақ подъезд жолдары мен газ тарату қондырғыларының жай-күйіне тексерістер жүргізілді.

Аудандық ТЖБ инженерлік-инспекторлық құрамы бекітілген аумақтар бойынша тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді одан әрі жалғастыратын болады.


Астана қаласы ТЖД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus