Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қ ұ р м е т т і ә р і п т е с т е р !

Қ ұ р м е т т і ә р і п т е с т е р !

PDF Баспаға жіберу
16.10.2015 18:32

Сіздерді кәсіби мерекеміз – Төтенше жағдайлар қызметінің құрылуы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бейбіт өмірде де асқан қиындықпен астасқан «тілсіз жаумен», қиындықпен айқасқан, өміріне төнген қауіп-қатерді қайсарлықпен қарсы алған, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметі қиын да қатерлі, жауапкершілігі мол, мәртебелі іс. Күнделікті тіршіліктегі байқаусыз тірліктерден және шалалықтан үйлеріне өрт түссе немесе құтқару қызметі қажет кезде, бірінші көмекке жететін өрт сөндірушілер мен құтқарушылар.

Жан қысылғанда халықтың үміті соларға артып отыратыны жасырын емес. Жыл сайын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының халыққа Жолдауында қойылған бағыттарының бірі Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болатын. Біз әрқашан халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың мүліктері мен ұлттық құндылықтарын оттан және басқа да төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі алдымызға Мемлекет қойған міндеттерді орындап келеміз. Үлкен ұжымның бірігіп істеген жұмысы - бұл мыңдаған адамдардың өмірлерінің сақталуы.

19-қазан -  Төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күні және бұл күні өз қызметтік міндеттерін аяғына дейін орындаған біздің қызметкеріміз – жерлестерімізді еске түсірмеу мүмкін емес.  Жаны жайсаң, жүрегі жомарт, адал, елгезек, әріптестеріміз   Отан алдындағы қызметтік борыштарын адал атқару үстінде өкінішке орай жарық жұлдыздай жарқ етіп дүниеден өтті.  Бүгінгі ұрпақ кешегі қан майдан ерлерінің жалғасы – дей отыра бұл күні ардагерлерімізді айтып кеткен жөн.  Біз сіздердің ұрпақтарыңыз -   жасаған батырлықтарыңызды ешқашан ұмытпаймыз.  Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күніне мыңдаған адамдарды және миллиондаған материалдық құндылықтарды сақтап қалып жатады. Алға қойған өз міндеттерін абыроймен орындап шығу үшін, әрбір қызметкердің кәсіби шеберлігі мол, психологиясы жақсы дамыған, физикалық дайындығы жоғары деңгейде болуы міндетті түрде қажет екенін айтпай-ақ белгілі.

Биыл төл мерекеміздің 20 жылдығын атап отырмыз, Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, төтенше жағдайлар саласындағы қызметке белсенді ат салысатын, ел аманатын адал атқаратын, сеніміне лайықты «Ел азаматы» атануларыңызға тілектеспін. Еңбекте табыс, өмірде сәттілік, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілеймін.

Астана қаласы ТЖД бастығы Б.Дұзақбаев


 
Система Orphus