Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Сарыарқа» СО орталығында «Евразия» бірінші арнасымен бірлесіп түнгі оқу-жаттығулар өтті

«Сарыарқа» СО орталығында «Евразия» бірінші арнасымен бірлесіп түнгі оқу-жаттығулар өтті

PDF Баспаға жіберу
19.10.2015 09:28

Қазанның 18-і күні Астана қаласы Өрт сөндіру қызметінің мамандары «Евразия» бірінші арнасының тілшілерінің қатысуымен «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығында түнгі оқу-жаттығу ұйымдастырды.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша түнгі сағат 03-00де электро-тұрмыстық заттарда орын алған тұйықталудың салдарынан ғимараттың бірінші қабатындағы кафеде өрт шыққан. Бұл өрт жайында ақпарат «101» нөмірі бойынша келіп түседі. Оқиға орнына 3-МӨСБ және ӨСКҚ, екінші нөмірлі шақырту бойынша жеке құрам мен техника, әрекеттесу қызметтері жетеді. Адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп, автотұрақтағы өртті өз бетінше сөндірген адамдардың зардап шеккендері туралы ақпарат келіп түседі. АМО қызметкерлері оларға көмек көрсетуде. Шартты өрт 03-30 минутта толығымен ауыздықталып, жойылды.

Оқу-жаттығулардың барысында Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі А.А.Федеров және өртке қарсы қызмет полковнигі С.Ж.Тұраров оқу-жаттығуға қатысқан тілшілерге әрекеттер жайында баяндап берді. Аталмыш түсірілмдер эфирге 19 қазан күні сағат 20-00де шығатын болады.

Оқу-жаттығудан соң «Сарыарқа» СОО өкілдерімен шартты өртті сөндіру бойынша талқылау жүргізілді.

Оқу-жаттығуға 7 техника бірлігі мен жеке құрамның 35 адамы жұмылдырылды.

 

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus