Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астанада интернационалист-жауынгер Жанайдар Жирентаевты еске алу құрметіне волейболдан жарыстар өтті

Астанада интернационалист-жауынгер Жанайдар Жирентаевты еске алу құрметіне волейболдан жарыстар өтті

PDF Баспаға жіберу
26.10.2015 10:46

Қазанның 24-і күні Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-де  «Ауған жауынгерлерінің ардагерлері мен мүгедектері одағы» ҚҰ милиция лейтенанты Жанайдар Жирентаевты еске алудың құрметіне волейболдан жарыстар ұйымдастырды.

Жанайдар Жирентаев - -интернационалист-жауынгер, полиция лейтенанты. 1994 жылдың ақпан айында қылмысты топқа қарсы қызметтес міндетін өтеу үстінде қаза болған.  Батылдығы мен ерлігі үшін Жанайдар Асқарбекұлы Жирентаев қаза болған соң «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған болатын.

Турнирға 6 құрама қатысты: Астана қаласы  ТЖД, Астана қаласы ІІД, ҚР Ұлттық ұланы, «Өрт сөндіруші» АҚ, (К)ІІД,  «СВА» ҚҰ.  ТЖ департаментінің құрамасы ақтық сында Ішкі істер департаментінің құрамасымен кездесіп, 2:0 ұпай санымен қарсыластарын ойсырата жеңіп шықты. Осылайша, әріптестеріміз турнирдің жеңімпаздары болып, әрі ауыспалы кубогты еншіледі.

Бұдан бөлек, «Ауған жауынгерлерінің ардагерлері мен мүгедектері одағы» ҚҰ  Одақтың төрағасы С.М.Кенжебековтың атынан қолдау мен турнирді өткізудегі қызметкерлердің белсенділігі үшін алғыс хат Департамент бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі  Б.О.Дұзақбаевқа табыс етілді.

 

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ