Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астанада «Қауіпті, мұзқату!» тақырыбында брифинг өтті

Астанада «Қауіпті, мұзқату!» тақырыбында брифинг өтті

PDF Баспаға жіберу
18.11.2015 06:42

Қарашаның 16-ы күні Астана қаласында «Қауіпті, мұзқату!» тақырыбындағы брифинг өтті. Оған бірқатар республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР ІІМ ТЖК Орталық аймақтық аэромобильді апаттан құтқару отряды хабарлайды: ауа температурасының төмендеуіне байланысты     қараша аралығында қала суайдындарында мұз қатты. Мұз қалыңдығын өлшеу нәтижесінде анықталғандай, мұздың қалыңдығы небәрі  4-5  см. құрап отыр. Мұз қауіпсіз болу үшін кемінде 2 апта уақыт өтуі керек. Ол келесі қажетті қалыңдыққа жетуі тиіс:

  • бір адам үшін – 7 см кем емес
  • бір топ адам үшін – 12-15 см
  • жеңіл көлік үшін – 25 см
  • жүк көлігі үшін – 40 см
  • трактор үшін – 70 см

Бұл ретте, мұздың қалыңдығы барлық жерде біркелкі болмауы ықтимал. Суайдынының ортасына қарай мұздың қалыңдығы жіңішке болып келеді. Әсіресе аса қауіпті жерлер келесідей: қамыс пен бұталар өскен, бұлақкөз шыққан, су қатты ағып жатқан жерлер. Бұл жерде су тек жіңішке мұзбен жабылған. Бұндай жерлерде аязды қыстың күндерінің өзінде қауіпті. Сол себепті ең қауіпсізі – бұрын жүрілген жолдармен жүру.

Бұл жағдайда 4 қауіп тобын ерекшелеуге болады. Біріншіден, бұл – әлі толығымен қатпаған мұздың үстінде серуендеуге әуес болатын балалар; екінші топ бұл – толықтай қатпаған мұздың бетінде балық аулағысы келетін балықшылар; үшінші топ бұл – қауіпсіздік ережелеріне бейжай қараған жасөспірімдер. Ал төртінші топқа, жолды қысқартамыз деп, қауіпсіздік ережелеріне құлақ түрмеген қарапайым тұрғындар.

Астана қаласы ТЖД ескертеді: Мұзқату кезеңінде көптеген қайғылы жайттар орын алады. Бұның басты себебі – суайдындарында сақтық шараларын қолданбау. Суық судың ішіне түсіп кетіп, өмір мен өлім арасында арпалысып жатқан адамға сол сәттер оңайға түспейтіні белгілі.


Е С Т Е  С А Қ Т А Ң Ы З Д А Р :

  • Дұрыс қатпаған, жұқа мұзға шығуға болмайды.
  • Жарылған мұзға, шұқанаққа, ойықтарға жақындауға болмайды.
  • Күзгі мұздың үстінде топпен жиналу қауіпті.
  • Көлік құралдарымен судың бетіне шығу қауіпті.
  • Қараңғы түскен кезде, айнала дұрыс көрінбеген жағдайда мұзға шығу қауіпті.


Есте сақтаңыздар, мұзқату кезеңінде, қайғылы жайттар көбінесе балалардың қатысуымен болады. Балалардың өз беттерімен өзенге бармауларын қадағалаңыздар!

 

Астана қаласы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus